Қарқаралыдан шыққан шаңғышы Швейцариядағы марафонға қатысты

Қарқаралы қаласынан шыққан шаңғышы Думан Бейсенаев Швейцарияда өткен Engadin Ski Marathon марафонына қатысып, елнамысын қорғады. Бұл беделді жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 14 мыңға жуық қатысушы жиналды. Думан негізгі 42 шақырымдық жарыста 700-ші орынға ие болып, мәреге 2 сағат 2 минутта жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылғы нәтижесінен 8 минутқа артық болды.
Жарыс барысында, 12-ші шақырымда, бір еңіс жерде құлап, аяғын жарақаттап алды. Соған қарамастан, ол жарысты жалғастырып, жақсы нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, 17 шақырымдық түнгі жарыста Думан 2 мың қатысушының ішінде 21-ші орынға ие болды, бұл оның ең үздік нәтижелерінің бірі.
Думан Қарқаралыдан шаңғы базасын ашуды жоспарлап жүр.»Шаңғы базасын ашу идеясы 2013-2014 жылдары келді. Шаңғымен айналысқалы аудандық, облыстық жарыстарда жеңіске жете бастадым. Денсаулық, потенциал бар. Неге басқа үлкен жарыстарды көрмеске деп ойладым. Содан республикалық жарыстарға шығып Алматыда 3-орын алдым. Маған бірақ қысқа емес, ұзақ қашықтықтар ұнайды. Солай-солай марафондарға келдім. 2018 жылы алғаш рет Финляндия жерінде өнер көрсеттім. Мықты дайындықпен бардым. 5000-нана аса адам қатысты. Жоғары нәтиже көрсетіп 117-орынға тұрақтадым.
Ал Эстонияда 70 шақырымдық классикалық марфонға жолдама алдым. Ол жерде жақсы нәтиже көрсета алмадым. Себебі жарыста бір топ шыңғышылар құлап, шаңғымды сындырып алдым. Бірақ жүгіріп шықтым. Алайда уақыт жағынан ұтылдым. Солай шетелден тәжірибе жинап келіп, 2017 жылы Қарқаралы да шағын шаңғы базасын аштым.
Контейнер алып, шағын шай ішетін жер жасадым. Шаңғы алып, соны жалға беріп бастадым. Кәсібіміз жақсы сұранысқа ие болды. Қарағанды облысынан демалушылар келеді. Осылай қысқы спорт дамып жатыр. БІрақ 2017 жылы кәсіпті бастағаныммен жерді әлі ұзақ мерзімге ала алмай отырмын. Ұлттық парк территориясында фундамент құюға болмайды дейді. Әлі де атқарылатын шаруа көп. Шаңғы жолдарына ағаштар өсіп кеткен. Соның барлығын ретке келтіру керек.
Бурабай мен Шортанды жақ жақсы дамып жатыр. Бірақ Қарқаралыға келгенде заң қатты жұмыс істейді. Қарқаралының да табиғаты да керемет. Экология министрлігі бізге келгенде жұдырығын қатты қысады. Сол жағы әттеген-ай болып тұр. Үкіметтен қыруар қаржы да сұрап жатқан жоқпыз. Инвесторлар бар. Бастапқыда салатын өз қаражатымыз да бар. Менің мақсатым жалғыз спортшыларға емес, бұқаралық спортты дамытуға, туризмді көтеруге жағдай жасау» дейді өз сөзінде.
Думанның айтуынша, халықаралық марафондарға қатысу кезінде шаңғыларды арнайы дайындау қажет. Кейбір елдерде экологияға зиян келтіретін фторлы майларды қолдануға тыйым салынғандықтан, спортшылардың жабдықтары арнайы тексеруден өтеді. Думан бұл сынақтан сәтті өтті. Оның қоржынында 12 халықаралық марафон бар, оның ішінде Финляндия, Эстония және Өзбекстандағы жарыстарға қатысқан.