Басты жаңалықТеннис

Қазақстан құрамасының Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне қатысатын құрамы жарияланды

Қазақстан әйелдер теннис құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне қатысады. Біздің құрама D тобында Австралия және Колумбия командаларымен ойнайды. Матчтар 10-11 сәуірде Австралияның Брисбен қаласында өтеді.

Бас бапкер Юрий Щукин бастаған құрам:

  • Елена Рыбакина
  • Юлия Путинцева
  • Зарина Дияс
  • Анна Данилина
  • Жібек Құламбаева

Қазақстан құрамасы 10 сәуірде Австралиямен, 11 сәуірде Колумбиямен кездеседі.

Юрий Щукиннің командасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шығу үшін топта бірінші орын алуы тиіс. Алты топтың жеңімпаздары финалға автоматты түрде өтеді, олармен бірге турнир қожайыны Қытай және 2024 жылғы әлем чемпионы Италия командасы ойнайды. 2-3 орын алған құрамалар плей-офф кезеңіне өтеді және өзге аймақтық жарыстардың үздік командаларымен жарысты жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button