Басты жаңалықФутбол
Қазақстан құрамасының Уэльс және Лихтенштейнге қарсы матчтарға арналған нақты құрамы жарияланды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы Әли Әлиев 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Уэльс және Лихтенштейн командаларына қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады. Оқу-жаттығу жиыны бүгін Түркияның Анталия қаласында басталды, ал шетелде өнер көрсететін ойыншылар ұлттық құрама сапына 17 наурызда қосылады.
Құрама тізімі:
Қақпашылар:
- Мұхаммеджан Сейсен («Астана»)
- Александр Заруцкий («Қайрат»)
- Темірлан Анарбеков («Қайрат»)
- Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан)
- Дулат Талыспаев («Кеге», Дания)
Қорғаушылар:
- Александр Марочкин («Астана»)
- Ян Вороговский («Астана»)
- Марат Быстров («Астана»)
- Нұралы Әліп («Зенит», Ресей)
- Роман Асранкулов («Тобыл»)
- Еркін Тапалов («Қайрат»)
- Ұлар Жақсыбаев («Ордабасы»)
- Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»)
- Әділбек Жұмаханов («Елімай»)
- Мәди Хасейн («Жеңіс»)
Жартылай қорғаушылар:
- Асхат Тағыберген («Ордабасы»)
- Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания)
- Бақтиер Зайнутдинов («Бешікташ», Түркия)
- Эльхан Астанов («Астана»)
- Ислам Чесноков («Тобыл»)
- Наурызбек Жагоров («Тобыл»)
- Серікжан Мужиков («Елімай»)
- Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия)
- Алияр Мұхамед («Оқжетпес»)
- Георгий Жуков («Пуща», Польша)
- Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»)
- Давид Есімбеков («Жетісу»)
Шабуылшылар:
- Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия)
- Максим Самородов («Ахмат», Ресей)
- Айбар Жақсылықов («Қайсар»)
- Дастан Сәтпаев («Қайрат»)
- Рамазан Кәрімов («Астана»)
Бапкерлер штабы:
- Әли Әлиев – бас бапкер
- Нұрбол Жұмасқалиев – бас бапкердің көмекшісі
- Елдос Ахметов – бас бапкердің көмекшісі
- Юрий Чухлеба – бас бапкердің көмекшісі
- Олег Воскобойников – қақпашылар жаттықтырушысы
- Максим Зуев – дене даярлығы жаттықтырушысы
- Могамед Нозадзе – сарапшы бапкер
- Нұрлан Биттіғұлов – дәрігер
- Степан Тупик – реабилитолог дәрігер
- Алексей Михайлов – физиотерапевт
- Евгений Карнаухов – массажист
- Алексей Гудзев – массажист
- Акмурат Акчабаев – массажист
- Руслан Балтиев – Ұлттық құрамалар департаментінің директоры
- Болат Адамбеков – бас менеджер
- Қуаныш Мұханбет – менеджер
- Максим Шауберт – кит-менеджер
- Елдар Ермеков – бейнеоператор
Матчтар кестесі:
- 22 наурыз: Кардифф қаласындағы «Cardiff City» стадионында Уэльс құрамасымен кездесу. Ойын Астана уақытымен 23 наурызда сағат 00:45-те басталады.
- 25 наурыз: Вадуц қаласындағы «Rheinpark» стадионында Лихтенштейн құрамасымен кездесу. Бұл ойын да Астана уақытымен 00:45-те басталады.