Қысқы спорт

Қазақстандық шорт-трекшілер әлем чемпионатында В финалында бақ сынады

Қазақстанның ерлер құрамасы шорт-тректен әлем чемпионатының В финалында өнер көрсетті. Бұл кезеңде тек екі команда қатысты. Біздің спортшыларымыз Түркия құрамасымен жарысып, екінші нәтиже көрсетті.

Эстафеталық жарыста түрік командасы жеңіске жетті, ал қазақстандық спортшылар жүлделі орындарға іліге алмады. Айта кетейік, эстафетадағы негізгі медальдар А финалында ойнатылады.

Қазақстан құрамасының қоржынында бір медаль бар: 500 метр қашықтықта Денис Никиша күміс жүлдегер атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button