Басқа түрлерБасты жаңалық

Қазақстан ҰОК Атқарушы комитетінің жаңа құрамы бекітілді

2025 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясы өтіп, оның барысында Атқарушы комитеттің жаңартылған құрамы бекітілді. Сонымен қатар, ұйым Жарғысына өзгерістер енгізіліп, жаңа мүшелер қабылданды.

Жиынға Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ҰОК Бас хатшысы Әлімжан Ақаев және спорт федерацияларының өкілдері қатысты.

Геннадий Головкин бірлескен жұмыс пен жобаларды іске асыруға атсалысқаны үшін қатысушыларға алғыс айтты.

Кейбір спорт ұйымдарындағы кадрлық өзгерістерге байланысты Атқарушы комитет құрамын жаңарту туралы шешім қабылданды.

Жаңа құрам:

Вице-президенттер:

  • Серік Жарасбаев – өңірлермен жұмыс бойынша вице-президент, ҚР Туризм және спорт вице-министрі

  • Шахмурат Муталип – халықаралық ынтымақтастық бойынша вице-президент, Бокс федерациясының президенті

  • Данияр Әбілғазин – жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша вице-президент, Үстел теннисі федерациясының президенті

  • Сәкен Мұсайбеков – қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша вице-президент, Хоккей федерациясының бас директоры

  • Ғаджи Ғаджиев – жалпы мәселелер бойынша вице-президент, Ауыр атлетика федерациясының президенті

Спортшылар комиссиясының өкілі:

  • Ольга Рыпакова – Жеңіл атлетика федерациясының президенті

Ұлттық федерациялар өкілдері:

  • Әлия Юсупова – Гимнастика федерациясының президенті

  • Мәди Такиев – Волейбол федерациясының президенті

  • Асхат Жіткеев – Дзюдо федерациясының бас хатшысы

  • Нұрлан Жақұпов – Су спорт түрлері федерациясының президенті

  • Ержан Біржанов – Триатлон федерациясының президенті

  • Берік Асылов – Спорттық атыс федерациясының президенті

  • Кудрет Шәмиев – Таэквондо федерациясының (WTF) президенті

  • Қайрат Дүйсенов – Гольф федерациясының вице-президенті

Сондай-ақ, Мәнерлеп сырғанаушылар одағы ҰОК мүшелігіне қабылданды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанау Коньки тебу одағының құрамында болған. 2023 жылы Халықаралық конькишілер одағы Қазақстан мәнерлеп сырғанаушылар одағын жеке федерация ретінде мойындады.

Ал Қазақстан шанамен сырғанау федерациясы белсенді жұмыс істемегендіктен, ҰОК мүшелігінен шығарылды.

Ассамблеяда ұйым Жарғысына операциялық қызметті жетілдіруге бағытталған өзгерістер де мақұлданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button