Басқа түрлерБасты жаңалық
Қазақстан триатлон федерациясының жаңа президенті сайланды

2025 жылғы 22 сәуірде Астанада Қазақстан триатлон федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиын барысында 2023–2024 жылдардағы жұмыс қорытындылары шығарылып, алдағы даму бағыттары айқындалды. Конференцияда Ержан Біржанов федерация президенті болып сайланды. Бұған дейін ол бірінші вице-президент қызметін атқарған.
Сондай-ақ, конференцияда федерацияның тиімділігін арттыру және мемлекеттік органдармен, спорт ұйымдарымен және өңірлік құрылымдармен өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.