Басқа түрлер

Қазақстандық таэквондошылар Қытайдағы турнирдің алғашқы күнінде екі медаль жеңіп алды

Қытайдың Тайань қаласында Президент кубогі – Азия аймағы бойынша халықаралық таэквондо турнирі басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі қола медаль еншіледі. Жүлдегер атанғандар:

  • Батырхан Төлеуғали (80 кг дейін)

  • Әзиза Қаражанова (53 кг дейін)

Екі спортшы да жартылай финалға дейін жетті. Финал жолдамасы үшін болған кездесулерде Төлеуғали оңтүстіккореялық Пак Чунсанға, ал Қаражанова ирандық Мобина Немәтзадеге есе жіберді.

Сонымен қатар, Батырхан Төлеуғали мен Әзиза Қаражанова 2026 жылғы Азия чемпионатына жолдама алып берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button