ММА

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі алдында салмақ өлшеуден өте алмады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-0) UFC-дегі алғашқы айқасы алдында салмақ өлшеу рәсімінен өте алмады. Ресми салмақ өлшеу барысында ол таразыда 95,48 келі көрсетіп, белгіленген лимиттен 2,3 келі артық болды. Ал қарсыласы, бразилиялық Брендсон Рибейро (16-7), 92,98 келі көрсетіп, лимитті сәтті орындады.

Қарсыласы келіскен жағдайда, Дияр айыппұл төлеп, жекпе-жекті жалғастыра алады. Айта кетейік, Дияр жартылай ауыр салмақта осыған дейін 10 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол өткен жылы UFC президенті Дана Уайттың Претенденттер сериясында жеңіске жетіп, UFC-пен келісім жасасқан болатын.

Дияр мен Брендсон арасындағы айқас 15 наурызда Лас-Вегаста өтетін UFC Vegas 104 турнирі аясында жоспарланған. Жекпе-жектің нақты өтуі қарсыласының шешіміне және ұйымдастырушылардың келісіміне байланысты болады.

Back to top button