Басты жаңалықБокс

Назым Қызайбай үшінші рет әлем чемпионы болды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалында жеңіске жетіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды.

48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қызайбай финалда ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездесіп, қарсыласын бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңді.

Назым Қызайбай бұған дейін 2014 және 2016 жылдары әлем чемпионатында топ жарған болатын. Осы жеңісі арқылы ол Қазақстан тарихында әйелдер арасында ғана емес, ерлер арасында да үш дүркін әлем чемпионы атанған тұңғыш боксшы атанды.

Сонымен қатар, 2024 жылы Назым Қызайбай Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button