Басты жаңалықБокс

Ақтөбеде Галиб Джафаров жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті

Әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Галиб Джафаровтың жүлдесіне арналған XV халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы жарысқа Қазақстанның 16 облысынан 227 спортшы, сондай-ақ Өзбекстаннан келген боксшылар қатысты. Жарыста Ақтөбе облысының боксшылары жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болып, 3 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлде иегерлері:

  • 48 кг – Ораз Ғибрат

  • 66 кг – Ералиев Темірлан

  • 80 кг – Айтекеев Нұрасыл

Қола жүлде иегерлері:

  • 50 кг – Тұралы Ержігіт

  • 75 кг – Мешітбай Нұрхан

  • +80 кг – Жайшылық Нұралхан

Арнайы номинациялар:

  • “Үздік боксшы” – Өнертаев Ернұр (57 кг, Қостанай облысы)

  • “Жеңіске деген жігері үшін” – Ксембаев Алишер (70 кг, Абай облысы)

Басқа жаңалықтар

Back to top button