Басты жаңалықДзюдо

Қазақстан құрамасы өткен жылғы сәтсіздіктен кейін қарымта қайтара ала ма?

2025 жылдың 25–28 сәуір аралығында Таиланд астанасы Бангкокта дзюдодан Азия чемпионаты өтеді. Бұл жарыс Қазақстан құрамасы үшін ерекше маңызды болмақ, себебі өткен жылы ұлттық команда сәтсіз өнер көрсетті.

Биылғы жарысқа Қазақстан құрамасы негізгі көшбасшыларсыз аттанады. Елдос Сметов, Абиба Әбужақынова, Камила Берліқаш, Абылайхан Жұбаназар, Жанарыс Рахметқали, Мәжжан Шамшадин және Ғұсман Қырғызбаев бұл турнирге қатыспайды. Бапкерлер жас спортшыларға мүмкіндік беріп отыр.

Сондықтан да нақты медаль болжамдарын жасау қиын. Дегенмен, құраманың негізгі сапынан Ерасыл Қажыбаев, Галия Тынбаева, Эсмигүл Құюлова, Назгүл Маратова, Бақыт Құсақбаева және Шерзод Давлатов сынды спортшылар жүлдеге басты үміткерлер саналады.

Өткен жылғы сәтсіздік – үлкен сабақ. 2024 жылы Қазақстан бірде-бір алтын медаль жеңе алмады, тіпті финалға шыққан спортшы да болмады. Жеке есепте тек үш қола медаль, ал аралас командалық сында тағы бір қола медаль иеленген болатын.

Бапкерлер құрамының мақсаты – биылғы жарыста кем дегенде бір алтын алу.

«Дәл болжау қиын. Дзюдо – физикалық қана емес, психологиялық, тактикалық дайындықты қажет ететін өте қиын спорт. Бір сәттік шешім бәрін өзгертуі мүмкін. Бірақ біз спортшыларымызға сенеміз. Дайындық жоғары деңгейде өтті», – деді команда кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе.

Құрам:

Ерлер:

  • Нұрадил Әлжан (-60 кг)

  • Шерзод Давлатов (-60 кг)

  • Ержан Еренқайыпов (-66 кг)

  • Есет Қуанов (-73 кг)

  • Мәди Амангелді (-81 кг)

  • Азат Күмісбай (-81 кг)

  • Ермахан Ануарбеков (-90 кг)

  • Максим Меирлан (-90 кг)

  • Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:

  • Галия Тынбаева (-48 кг)

  • Диана Бүркеева (-48 кг)

  • Толғанай Әбеуова (-52 кг)

  • Бақыт Құсақбаева (-57 кг)

  • Эсмигүл Құюлова (-63 кг)

  • Кристина Сотникова (-70 кг)

  • Назгүл Маратова (+78 кг)

  • Әкерке Рамазанова (+78 кг)

Резерв: Талғат Орынбасар (-60 кг), Ердәулет Бозша (-66 кг), Бақытжан Әбдурахманов (-73 кг), Марат Байқамұров (-100 кг)

Айта кету керек, турнирге Қазақстан ғана емес, басқа елдер де жас спортшылармен қатысқалы отыр. Бірақ бұл жарыстың деңгейіне әсер етпейді – тәжірибелі дзюдошылар да қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button