Бокс

Өзбекстандық қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев Golden Boy промоушенімен келісімшартқа отырды

Өзбекстандық қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев атақты Оскар Де Ла Хойя басқаратын Golden Boy промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды. 22 жастағы Руслан кәсіпқой мансабында осы уақытқа дейін бір жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен. Ол 7 наурыз күні Индиода өткен бокс кешінде Хосе Валенсуэла Альварадоны нокаутқа түсірді.

63,5 кг салмақта өнер көрсететін Русланның есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. Өзбекстанда дүниеге келген дарынды боксшы кезінде Қазақстанның туы астында өнер көрсетуге ниет білдіріп, жастар арасындағы ел біріншілігіне қатысты. Жартылай финалда Сабыржан Аққалықовтан ұтылып, қола медальді қанағат тұтты. Содан кейін қайта Өзбекстанға оралды.

2021 жылы Өзбекстан чемпионатында жеңіске жетіп, ең үздік боксшыға берілетін «Руфат Рыскиев кубогін» иеленді. 2022 жылы Азия чемпионы атанып, Аммандағы жарыстың 1/8 финалында Санатәлі Төлтаевты жеңді. Финалда Үндістанның үздігі Шива Тхапаны тізе бүктірді. 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында барлық қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button