Басқа түрлерБасты жаңалық
Қазақстан маунтинбайктан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді. Бұл Қазақстан құрамасының аталған жарыстағы алғашқы жүлдесі болды.
Сергиенко ерлер арасындағы кросс-кантри жарысында екінші орынға ие болды. Жарысқа Азияның әртүрлі елдерінен келген үздік велошабандоздар қатысты.
Қазақстан маунтинбайк федерациясының мәліметінше, бұл нәтиже спортшының ұзақ уақыт бойы жүргізген дайындықтарының жемісі болып табылады.