Бокс

Алуа Балқыбекова әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова 50 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол қытайлық Ху Мэйимен кездесіп, үш раунд бойы қарсыласынан басым түсіп, төрешілердің бірауызды шешімімен (5:0) жеңіске жетті. Отандасымыз рбияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бақ сынаған еді.

Бұл Балқыбекованың әлем чемпионатындағы алғашқы алтыны. Бұған дейін ол 2022 жылы күміс, 2023 жылы қола жүлдеге ие болған еді. Осылайша, Алуа Балқыбекова Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль салды

Басқа жаңалықтар

Back to top button