Дзюдо

Қазақстандық дзюдошылар Австриядағы Гран-при турнирінде бақ сынайды

Австрияның Линц қаласында өтетін дзюдодан Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының 14 спортшысы өнер көрсетеді. Бұл жарыста ұлттық құраманың көшбасшылары мен жас спортшылар қатар сынға түседі.

Құрама сапы:

Әйелдер:

  • Әбиба Әбужақынова (48 кг)
  • Толғанай Әбеуова (52 кг)
  • Дана Әбдірова (57 кг)
  • Самалай Ерғалиева (63 кг)
  • Ақерке Рамазанова (78 кг+)

Ерлер:

  • Талғат Орынбасар (60 кг)
  • Нұрмұхаммед Ботабай (66 кг)
  • Қуан Барыс (73 кг)
  • Данияр Шамшаев (73 кг)
  • Мәди Амангелді (81 кг)
  • Азат Күмісбай (81 кг)
  • Мейірлан Максим (90 кг)
  • Нұрлыхан Шархан (100 кг)
  • Жантілек Нұртілепұлы (100 кг+)

Қазақстандық спортшылар бұл додада жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға таласуды көздеп отыр.

Back to top button