Теннис

Маңғыстауда үлкен теннис жақсы дамып келеді

Ақтау қаласындағы теннис орталығында 5-8 жас аралығындағы балаларға арналған үлкен теннис секциясына қабылдау басталды. Бастапқы кезеңде жаттығулар аптасына екі рет өткізіледі және тегін  жүргізіледі.

Өз кезегінде Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқаш аталған спорт түріне қолдау бола беретінін айтты. Әрі бұл бастама жас­тарымыздың спорттық әлеуетін арттырып қана қоймай, теннисте жаңа белестерді бағындыруда маңызы зор екенін атап өтті. Аймақтық басқарманың жүйелі жұмыстары жас өрендердің тенниске қызығу­шылығын арттыратынына мол сенім білдірді.

Айта кету керек, сабақтарды білікті жаттықтырушылар жүргізеді. Аптасына екі рет өтеді. Қажетті жабдықтың барлығы бар. Ойын алаңында әлемде кең тараған харт төсеніші төселген. Жасөспірімдердің уайымсыз дайындалуына барлық жағдай жасалған.

Теннис бөліміне арнайы іріктеуден өткен балалар қабылданады. Жаттығуы тегін. Нәтижелері де жаман емес. Дегенмен бапкерлердің айтуынша, үздік өнерімен көзге түскен өрендер мұнымен тоқтап қалмайды.  Басты себеп — шеберлігін арттырып, тәжірибе жинау.

Айтпақшы, теннис орталығының тәрбиеленушілері бірнеше рет әлем чемпионаттарында жүлдегер атанған. Олардың қатарында, мысалы, Бейбіт Жұқаев бар – ол АТР рейтингінде 226-орында тұр. Бұған дейін елордада өткен турнирде ақтаулық спортшы Айлин Даулетова алтын медаль жеңіп алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button