Футбол
УЕФА президенті Александер Чеферин ресми іс-сапармен Астанаға келді

Сапар барысында Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) кеңсесіне бару жоспарланған. Федерацияның жұмысымен танысып, инфрақұрылым нысандарын аралайды. Сондай-ақ ҚФФ президенті Марат Омаровпен бірқатар маңызды мәселелерді қозғайды.
Айта кетейік, Александер Чеферин мен Марат Омаров ақпан айында Ньондағы УЕФА штаб-пәтерінде жолыққан еді. Тараптар Қазақстан футболының дамуы жоспарын талқылап, серіктестікті нығайту бағыттарын анықтады.
Александер Чефериннің Қазақстанға іс-сапары қос тараптың өзара жұмысының жоғары деңгейде өтіп жатқаны және УЕФА мен Қазақстан футбол федерациясы ынтымақтастығының нығаюның дәлелі.