Хоккей
Жасөспірімдер арасындағы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан Даниядан жеңілді

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Венгрияда өтіп жатқан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ІА дивизионы аясында үшінші матчында Даниямен кездесті.
Екінші кезеңде қарсылас екі рет есепте алға шықты, бірақ біздің ойыншылар екі мәрте таразы басын теңестіре алды. Алайда үшінші кезеңде дат құрамасы қатарынан үш жауапсыз шайба соғып, матчты 5:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирдегі екінші жеңілісін тіркеді. Бұған дейін бір жеңіске қол жеткізген.
Сергей Старыгиннің шәкірттері келесі ойынын 24 сәуір күні Австрияға қарсы өткізеді. Басталуы – Астана уақытымен 19:00-де.