Басты жаңалықБокс
Ақтөбеде Галиб Джафаров жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті

Әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Галиб Джафаровтың жүлдесіне арналған XV халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы жарысқа Қазақстанның 16 облысынан 227 спортшы, сондай-ақ Өзбекстаннан келген боксшылар қатысты. Жарыста Ақтөбе облысының боксшылары жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болып, 3 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.
Алтын жүлде иегерлері:
-
48 кг – Ораз Ғибрат
-
66 кг – Ералиев Темірлан
-
80 кг – Айтекеев Нұрасыл
Қола жүлде иегерлері:
-
50 кг – Тұралы Ержігіт
-
75 кг – Мешітбай Нұрхан
-
+80 кг – Жайшылық Нұралхан
Арнайы номинациялар:
-
“Үздік боксшы” – Өнертаев Ернұр (57 кг, Қостанай облысы)
-
“Жеңіске деген жігері үшін” – Ксембаев Алишер (70 кг, Абай облысы)