Қазақстан U-21 құрамасының жолдастық кездесулерге қатысатын ойыншылары анықталды

Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы алдағы екі жолдастық ойынға қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Бұл кездесулер құраманың 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындығының бір бөлігі болмақ.
Қазақстан жасыл алаңда D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларына қарсы өнер көрсетеді.
Құрама сапы:
Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Мирас Рихард («Ертіс»).
Қорғаушылар: Сұлтан Аскаров («Жетісу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Юсуф Саидалиев («Атырау»), Али Тұрғанов («Оңтүстік»), Саламат Жұмабеков («Оқжетпес»), Жандос Өмірзақов («Тараз»), Темірлан Мұрзағалиев («Қайсар»), Рамазан Каримов («Жетісу»).
Жартылай қорғаушылар: Абинур Нұрымбет («Тұран»), Ілияс Әбіл («Жил Висенте», Португалия), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Бейбіт Ғалым («Тобыл»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Мирас Оматай («Жетісу»).
Шабуылшылар: Артем Литош («Хан тәңірі»), Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік»), Ерасыл Сәрсенбай («Тұран»).